astana+ / инфрақұрылым
Орналасқан жері: Астана
Ықпал ету радиусы: Астана → бүкіл ел
Түйінді сөздер: жаңа орын · ТЭН · инвесторлармен келіссөздер
Орналасқан жері: Астана
Ықпал ету радиусы: Астана → бүкіл ел
Түйінді сөздер: жаңа орын · ТЭН · инвесторлармен келіссөздер
Т2 терминалы қазірдің өзінде жобалық қуаттылығынан екі есе артық жолаушы қабылдап жатыр. Астана бір әуежайдың шеңберіне сыймай барады — мемлекет мұны ресми түрде мойындады. Astana+ жағдайды былай бағалайды: мәселе «жаңа әуежай салу керек пе, жоқ па» дегенде емес, тек «қайда және қашан саналады» деген сұрақ төңірегінде ғана қалып тұр.
#АстанаПлюсФакт
19 мамырда өткен Үкімет брифингінде Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев астананың екінші әуежайы салынуы мүмкін ең қолайлы жерді атады — бұл қала іргесіндегі Балқарағай аумағы (Қарағанды тас жолы бағытында). Қарастырылып жатқан екі алаңның ішінде дәл осы нұсқаның бағы жанбақ: бұл аумақтың қасынан теміржол желісі өтеді, бұл болашақ логистика мен жолаушылар тасымалын айтарлықтай жеңілдетеді.
Түпкілікті шешім техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) дайын болғаннан кейін қабылданады. Қазір Астана әкімдігі әлеуетті серіктестермен келіссөз жүргізіп жатыр. Министр қалаға қандай инвестор қажет екенін нақтылады:

«Жаңа әуежайлар ауқымды болып салынады және оған қомақты инвестиция қажет. Бізге ірі әуежайлар сала алатын технологиялық та, инвестициялық та серіктес керек. Қазір келіссөздер жүріп жатыр»
Сауранбаев инвесторлардың атын атаған жоқ — келіссөздер әлі де мәресіне жетпеген.
#АстанаПлюсContext
Статистика бәрін айтып тұр: 2025 жылдың қорытындысы бойынша, Астана әуежайының Т2 терминалы жоба бойынша 3 млн адамға арналғанына қарамастан, 6,3 млн жолаушыға қызмет көрсеткен. Жүктеме — екі есе артық! Қала өсіп, туристер ағыны мен транзиттік әлеует артқан сайын, инфрақұрылымның қауқары жетпей жатыр.
Бұл мәселеге серпін 2025 жылы берілген еді. Президент Тоқаев Астананың көліктік-транзиттік әлеуетін арттыру үшін жаңа әуежай салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырған. Ал Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қаланың Бас жоспарында бұл мақсат үшін перспективалық учаскелер бұрыннан қарастырылғанын растады.

Astana+ түйіні: Министр жай ғана «нұсқаларды зерттеп жатырмыз» демей, нақты бір аумақты атап көрсетті. Демек, бұл — құрғақ тұжырымдама емес, қазірдің өзінде қаржыландыру іздестіріліп жатқан нақты шешім.
Балқарағай күтуде. Келіссөздер қызу жүріп жатыр. Нүкте қойылатын күн — уақыт еншісінде.
Балқарағай күтуде. Келіссөздер қызу жүріп жатыр. Нүкте қойылатын күн — уақыт еншісінде.