Новости | Столица | KZ

Астанада жылу қуаты 30%-ға артты

қала тынысы
Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында Үкімет басшысы Олжас Бектенов астананың энергетикалық нысандарын аралағанын хабарлады. Қалада жылу қуаты 30 пайызға ұлғайған.
Әкімнің айтуынша, ЖЭО-3-тің бірінші кезегі және «Тұран» мен «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциялары іске қосылғаннан кейін елордаға қосымша сағатына 1100 гигакалория жылу беріліп отыр.

Қаланың қарқынды дамуын ескере отырып, «Тельмана» газ жылу станциясы салынып жатыр. Нысанды 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланған.
ЖЭО-3: резерв және жаңа қуат

Биыл ЖЭО-3-те көмірді резервтік отын ретінде пайдалану мүмкіндігі іске қосылады.

Жобаның екінші кезеңінде қуаты 500 мегаватт болатын бу-газ қондырғысын салу көзделген. Бұл елорданың электрмен қамтылуын күшейтеді.
Өнеркәсіп пен цифрлық инфрақұрылым

Үкімет басшысы Индустриялық парк №1 аумағындағы кәсіпорындарды аралады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша елордада өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,4 трлн теңгеден асты.

Сондай-ақ Astana Smart City жобасы аясында құрылған деректерді өңдеу орталығы таныстырылды. Ол халықаралық Presight компаниясымен серіктестікте іске асырылған.