Новости | Спорт | KZ

Самоделкина Олимпиадада жеке рекордын жаңартты

2026-02-18 12:54 Жетістіктер
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында сәтті дебют жасап, қысқа бағдарламада жеке рекордын жаңартты.
Спортшы қос аксель, үштік лутц және үштік флип пен тулуптан тұратын каскадты сенімді орындады. Төрешілер оның өнерін 68,47 ұпайға бағалады. Бұл – Самоделкинаның ресми халықаралық жарыстардағы ең үздік көрсеткіші. 18 ақпанда ол 19 жасқа толады.
Өз бағдарламасын орындағаннан кейін қазақстандық спортшы турнир кестесінің жоғарғы бөлігінде орнықты. Қысқа бағдарламаның қорытындысы бойынша ол 12-орынға тұрақтап, еркін бағдарламаға жолдама алды.
Еркін бағдарламада Самоделкина соңғы алдындағы (предпоследняя) жылынуды бастайды - бұл топта жарыстың үздік қатысушылары өнер көрсетеді.
Италиядағы Олимпиада ойындары спортшы үшін алғашқы Олимпиадасы болды, және дебют сәтті өтті.