Сапар АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен өтуде. Бағдарламаның негізгі бөлігі - Бейбітшілік кеңесінің инаугурациялық отырысына қатысу.
Аталған Кеңес халықаралық қауіпсіздік мәселелерін және қақтығыстарды реттеу жолдарын талқылауға арналған жаңа алаң ретінде құрылып отыр.
Маңызды жайт: Қазақстан бұл бастаманың жай қатысушысы емес. Ел Бейбітшілік кеңесінің құрылтайшы мемлекеттерінің қатарына шақырылды. Бұған дейін Мемлекет басшысы бастама жарғысына қол қойып, Қазақстанның жаңа құрылымның қалыптасуына тікелей қатысатынын растаған.
Алғашқы отырыста Газа секторындағы ахуал басты тақырыптардың бірі болмақ. Тараптар өңірдегі жағдайды тұрақтандыру, гуманитарлық қолдау тетіктерін іске қосу және бейбітшілікті қамтамасыз етуге бағытталған нақты қадамдарды қарастырады деп күтілуде.
Сапар тек халықаралық форматпен шектелмейді.
Президенттің жұмыс кестесінде шетелдік көшбасшылармен, АҚШ әкімшілігінің өкілдерімен, сондай-ақ ірі америкалық компаниялардың басшыларымен кездесулер бар. Экономикалық күн тәртібінде инвестициялар тарту және ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралады.
Осылайша, сапар екі бағытты қатар қамтиды: жаңа халықаралық құрылымды қалыптастыруға қатысу және экономикалық серіктестікті дамыту.
Жұмыс кездесулері жалғасуда. Қорытындылар сапар аяқталғаннан кейін жарияланады.