"Отандық өнімнің жетіспеуі инфляциялық қысымды күшейтеді", – деді Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.
Басым бағыттар
Азық-түлік секторы – 12 бағыт:
ет пен сүтті қайта өңдеу, қант, жеміс-көкөніс өнімі және нарық үшін тапшылығы аса сезілетін басқа да позициялар.
Азық-түлікке жатпайтын сектор – 24 бағыт:
тұрмыстық техника, құрылыс материалдары, тұрмыстық химия, жеңіл өнеркәсіп.
«Бүгінде инфляциялық қысымның негізгі себептерінің бірі – бірқатар базалық тауарлардың тапшылығы. Біздің мақсат – ішкі нарықты отандық өндіріс тауарларымен қамтамасыз ету және импортқа тәуелділікті төмендету», – деді Серік Жұманғарин.