astana+ / спорт · паралимпиадалық теннис · инклюзия
Локация: Ақтау · Каспий теңізі
Ықпал ету ауқымы: Қазақстан → Орталық Азия → ITF әлемдік рейтингі
Плюс нысанасында: ТОП-100-ден 14 ойыншы · отандастарымыз финалда · Зарина Дияс кортта
Локация: Ақтау · Каспий теңізі
Ықпал ету ауқымы: Қазақстан → Орталық Азия → ITF әлемдік рейтингі
Плюс нысанасында: ТОП-100-ден 14 ойыншы · отандастарымыз финалда · Зарина Дияс кортта
Ақтау қаласы арбадағы теннис бойынша қазақстандық көктемгі серияның екінші кезеңі — ITF Wheelchair 50 деңгейіндегі KPMG Open турнирін қабылдады. Каспий жағалауында өткен бұл додада әлемнің 10 елінен келген 60-тан астам спортшы бақ сынасты, олардың арасында халықаралық ITF рейтингінің алғашқы жүздігіне (ТОП-100) кіретін 14 саңлақ бар. Қазақстан осымен екінші жыл қатарынан паралимпиадалық спорттың бұл түрі бойынша ресми әлемдік күнтізбеге еніп отыр.
Арбадағы теннис — жай ңана кәдімгі теннистің бейімделген нұсқасы емес, өзіндік қатаң ережелері бар дербес паралимпиадалық пән. Мұнда доп корт бетіне екі рет серпілуге құқылы, оның екіншісі корт сызығынан тыс жерде болуы мүмкін. ITF Wheelchair 50 сериялы турнирлері ресми рейтингтік ұпайлар үлестіреді. Дәл осы ұпайлар Паралимпиада ойындары мен Үлкен дулыға (Большой шлем) турнирлеріне қатысатын спортшылардың құрамын анықтайды. Айта кетейік, арбадағы теннис 1992 жылдан бері Паралимпиада бағдарламасына ресми төрде енген.

#АстанаПлюсФакт
Турнирдің басты көрсеткіштері мен нәтижелері:
- Ауқымды қатысу: Азия мен Еуропаның 10 елінен 60-тан астам спортшы, соның ішінде тәжірибелі паралимпиадашылар бақ сынады.
- Деңгейдің өсуі: Әлемдік рейтингтің ТОП-100 тізімінен 14 ойыншы келді (өткен жылы олардың саны 8 болатын).
- Отандық мектеп: Еліміздің алты өңірінен 23 қазақстандық спортшы қатысты.
- Қазақстандықтардың жетістігі: Екінші дивизионның (Second Draw) финалында қос отандасымыз кездесіп, Андрей Фильчук жеңіске жетті, ал Санат Есмағамбетов турнирдің финалисі атанды. Әйелдер арасындағы жұбаныш турнирінің (Consolation) финалында Жанат Үмітқұлова мен Айшуақ Жетписова өзара мықтыны анықтады.
- Мәртебелі қонақ: Шараның жабылу рәсіміне арнайы келген Зарина Дияс финалдық ойындарды тамашалап, қатысушылармен бірге көрсеткіштік матч өткізді.
- Келесі кезең: Серияның кезекті додасы — Zijin RG Gold Open турнирі 23–26 мамыр аралығында Қазақстанда өтеді.
#АстанаПлюсКонтекст
Халықаралық теннис федерациясының (itftennis.com) мәліметінше, арбадағы теннис 1992 жылдан бері Үлкен дулығаның барлық төрт турнирі мен Паралимпиада бағдарламасына тұрақты еніп келеді. 2024 жылы ITF Wheelchair әлемдік күнтізбесі 40 елдегі 170-тен астам турнирді қамтыды. Қазақстан көктемгі серияның үш кезеңін қатарынан қабылдай отырып, Орталық Азияда бұл спорт түрінің басты аймақтық хабына айналуға нық қадам басты.
Astana+ еске салады: Бұған дейін біз Қазақстан теннис федерациясының инклюзивті теннисті дамыту бағытындағы жұмыстарын Қарағанды облысының мысалында егжей-тегжейлі баяндаған болатынбыз. [Материалды оқу ➡️]
Astana+ түйіні: Бір жыл ішінде ТОП-100 деңгейіндегі ойыншылар санының 8-ден 14-ке дойін өсуі — кездейсоқтық емес. Бұл — турнирдің ұйымдастырылу деңгейі халықаралық беделге ие болғанының нақты белгісі. Ендігі мәселе — қазақстандық спортшылардың осы алғашқы жүздікке қашан кіретіндігінде. Үмітқұлова (№124) мен Жетписова (№151) қазірдің өзінде сол шыңға жақындап қалды.