Күні кеше Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Балуан тас сапары» ғылыми-танымдық экспедициясының қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтті. Экспедиция Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Baluan tas» ұлттық спорт түрлері және мәдениеті академиясының бастамасымен ұйымдастырылып, «Қазақ күшінің картасы» жобасы аясында жүзеге асырылды. Нәтижелері зор: өңір бойынша күш-қуат картасына 15 балуан тас жеке-жеке нысандар ретінде енгізіліп, әрбірінің толық мағұлыматы ақпараттар базасына тіркелген.
Бұл ретте «Baluan tas» академиясының президенті, күш мәдениетін зерттеуші-PHD докторант Абылайхан Қалназаровпен болған шағын сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.