Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының аясында жаңа балалар травматологиялық пункті ашылды. Ашылған күні-ақ дәрігерлер алғашқы пациентті қабылдады.
Пунктті іске қосудың басты себебі – алаңдататын статистика. 2025 жылы Астанада балалар жарақаттарына байланысты 112 775 өтініш тіркелген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 15,8%-ға жоғары. Қазіргі таңда дәрігерлер күн сайын 350-ден астам кішкентай пациентті қабылдайды.
Мамандар өсімді халық санының артуымен және балалардың жоғары белсенділігімен байланыстырады. Елорданың травматологиялық пункттері тым ауқымды жұмыс істеп жатқандықтан, шұғыл медициналық көмектің инфрақұрылымын кеңейту туралы шешім қабылданды.
Жаңа балалар травматологиялық пункті заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген және кадрлық тұрғыда толық жасақталған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, оның ашылуы күту уақытын қысқартуға және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, соның ішінде қаланың сол жағалауындағы тұрғындар үшін де мүмкіндік береді.
Ведомствода балалар медицинасы жүйесін дамыту басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Қосымша шаралар кішкентай пациенттерге жедел, сапалы әрі тиімді шұғыл көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.