Қазақстанда бензин мен дизель отынының көлемі артады. 2033 жылға қарай мұнай өңдеу қуаты қазіргі 18,4 млн. тоннадан жылына 40 млн. тоннаға дейін ұлғаяды. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрлігі хабарлады.
Қазіргі уақытта елде жылына 18,4 млн. тонна мұнай өңделеді.
2033 жылға қарай бұл көрсеткіш 40 млн. тоннаға жетуі тиіс.
Жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу зауыттары жоспарлы түрде кеңейтіледі. Бұл 2030 жылға қарай дизель отынының тапшылығын жоюға мүмкіндік береді.
Ал 2033 жылы қуаты жылына 10 млн. тонна болатын жаңа мұнай өңдеу зауыты іске қосылады.
Қайта өңдеу 94–95%-ға дейін өседі. Отын сапасы К5 стандартына жеткізіледі.

«2033 жылы төртінші зауытты іске қосу есебінен авиакеросин тапшылығы толық жойылады және К5 стандартындағы жоғары сапалы мұнай өнімдерін экспорттау басталады», – деді энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев.
Газ бағыты
Сонымен қатар Қашаған кен орнында газ өңдеу қуаттарын арттыру жұмыстары жүргізілуде. Мұнда екі газ өңдеу зауытының құрылысы жоспарланған.
Сонымен қатар Қашаған кен орнында газ өңдеу қуаттарын арттыру жұмыстары жүргізілуде. Мұнда екі газ өңдеу зауытының құрылысы жоспарланған.
Бірінші зауыттың қуаты – жылына 1 млрд. текше метр. Құрылыс жұмыстарының 55%-ы аяқталған, іске қосу 2026 жылдың соңына жоспарланған.
Екінші зауыттың қуаты – жылына 2,5 млрд. текше метр, қазіргі уақытта жобалау жұмыстары жүріп жатыр.
Екінші зауыттың қуаты – жылына 2,5 млрд. текше метр, қазіргі уақытта жобалау жұмыстары жүріп жатыр.
2032 жылға қарай тауарлық газ өндіру көлемі жылына 32,3 млрд. текше метрге дейін өседі.
Қазақстан ұзақ уақыт бойы ең жоғары сұраныс маусымында отын тапшылығына тап болып келеді. Жаңа қуаттардың іске қосылуы бұл мәселені шешіп, импортқа тәуелділікті азайтуға тиіс. Үкіметте отын тапшылығы жойылып, ел көрші мемлекеттерге жанар-жағармай экспорттай алады деп сендіреді.