Новости | Люди | KZ

Мұнай емес, инттелект: Атырау мен NIS республикалық олимпиадада топ жарды

2026-05-23 15:55 Білім
astana+ / даму · білім · дарынды балалар
Локация: Астана · Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры
Ықпал ауқымы: Қазақстанның барлық өңірлері → халықаралық интеллектуалдық додалар
Плюс нысанасында: 240 жүлдегер · Атыраудың бас жүлдесі · әлемдік олимпиадаларға жолдама
Astana+ факт: «Дарын» республикалық олимпиадасы — жай ғана сайыс емес. Бұл — қазақстандық мектеп оқушыларын IMO, IPhO, IChO секілді беделді халықаралық интеллектуалды додаларға іріктейтін алғашқы әрі ең маңызды сүзгі. Мұнда озық шыққандар тек медаль еншілеп қана қоймай, ұлттық құрамаға тікелей жолдама алады.

Сайыс екі бағыт: жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар бойынша өтті.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша үлгерім кестесі келесідей болды:

  • І орын — «NIS» дербес білім беру ұйымы
  • ІІ орын — Алматы қаласы
  • ІІІ орын — Түркістан және Жетісу облыстары

Жаратылыстану-математика бағыты келесідей нәтиже көрсетті:

  • Бас жүлде (Гран-при) — Атырау облысы
  • І орын — «NIS» ДББҰ және Алматы қаласындағы «РФМШ»
  • ІІ орын — Павлодар және Маңғыстау облыстары

Жекелей есепте 45 оқушы алтын, 76 оқушы күміс, ал 119 оқушы қола медаль еншіледі.
Жаратылыстану-математика бағытында Атырау облысының Бас жүлде иеленуі — нағыз сенсация. Әдетте жұртшылық мұнай өндірісімен ғана байланыстыратын аймақ бұл жолы академиялық ғылымда алдына жан салмады. Бұл кездейсоқтық емес. Тек қара мұнайға ғана емес, адам капиталы мен интеллектке инвестиция құйған өңірдің болашағы зор. Бүгін олимпиада шыңын бағындырған осы өрендер ертең аймақтың, тіпті елдің даму бағытын айқындайтын болады.