Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның Қазақстан үшін Азиядағы негізгі серіктестердің бірі екенін атап өтті. Ол достық пен өзара түсіністікке негізделген кеңейтілген стратегиялық әріптестік алдағы уақытта да екі ел игілігі үшін нығая беретініне сенім білдірді.
Президент Санаэ Такаичиге жауапты қызметінде табыс, ал жапон халқына амандық пен өркендеу тіледі.