Новости | Столица | KZ

Тоқаев Жапония Премьер-министрін қайта сайлануымен құттықтады

билік
Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрінің атына құттықтау жеделхатын жолдады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичи Жапония Премьер-министрі қызметіне қайта сайлануымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның Қазақстан үшін Азиядағы негізгі серіктестердің бірі екенін атап өтті. Ол достық пен өзара түсіністікке негізделген кеңейтілген стратегиялық әріптестік алдағы уақытта да екі ел игілігі үшін нығая беретініне сенім білдірді.

Президент Санаэ Такаичиге жауапты қызметінде табыс, ал жапон халқына амандық пен өркендеу тіледі.