Новости | Люди | KZ

Елімізде кітап оқу үрдісі дағдарыста ма?

2026-05-19 23:42 оқиғалар
astana+ / қоғам
Мәселенің ауқымы: Ұлттық деңгей
Зерттеу аумағы: Қазақстан
Плюс нысанасында: ҚҚДИ дабылы · кітап дағдарысы · Президент Жарлығы
Қазақстандық қоғамдық даму институты (ҚҚДИ) отандастарымыздың кітап оқу талғамына қатысты ауқымды зерттеуінің көңіл көншітпейтін қорытындысын жариялады. Astana+ сандар мен үрдістерге терең бойлады: мемлекет «кітап оқитын ұлт» қалыптастыруға барынша күш салып жатыр, бірақ қазақстандықтар гаджеттерді баспа парақтарына айырбастауға дайын ба?

#АстанаПлюсФакт

КИОР зерттеуінің нәтижесі ойлантуға мәжбүр етеді: елімізде әрбір оныншы қазақстандық қана бос уақытында кітап оқуды жөн көреді. Көпшілік демалысын әлеуметтік желілер мен смартфондарға телмірумен өткізеді.
Дегенмен, сарапшылар жаңа өсім нүктелерін де байқап отыр: елімізде сапалы іскерлік әдебиетке, тұлғалық дамуға арналған кітаптарға және ең бастысы — мемлекеттік тілге аударылған әлемдік бестселлерлер мен заманауи қазақ тілді публицистикаға сұраныс біртіндеп артып келеді.
Бұл мәселе қазірдің өзінде ұлттық қауіпсіздік деңгейіне шығарылған. Мемлекеттік саясаттың бұл бағыты ҚР Президентінің «Кітап оқу мәдениетін дамыту және кітап оқитын ұлтты қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен нақты бекітілген. Жаңғырту жұмыстары барлық салаға әсер етеді: кітапхана қорларын жаппай жаңартудан бастап, заманауи кітап хабтарын құру және отандық баспалар мен авторларды тікелей қолдауға дойын қамтылмақ.

#АстанаПлюсКонтекст

Неліктен кітап оқу мәдениетін мемлекеттік деңгейде жеделдету керек?
Бүгінгі таңда кітап оқу — жай ғана ұйықтар алдындағы ермек емес, бұл ұлттық бәсекеге қабілеттілік пен ойлау икемділігінің басты шарты. Әлеуметтік желілер мен қысқа бейнероликтер (TikTok/Reels) үстемдік құрған «клиптік ойлау» заманында, ұзақ мәтіндерге деген қызығушылықтың төмендеуі функционалдық сауатсыздыққа әкеледі. Яғни, адам мәтінді оқығанымен, оның түпкі мәнін түсіне алмайтын деңгейге жетеді.
Дәл соңдықтан Тоқаевтың стратегиялық Жарлығы қоғамның ең әлсіз тұсын емдеуге бағытталған: «кітап оқитын ұлт» құру арқылы елдің мәдени кодын жаңғырту көзделіп отыр. Негізгі ставка жастарға жасалады — цифрлық форматтар, аудиокітаптар және білім берегу процесіне заманауи оқу платформаларын тікелей интеграциялау арқылы кітап қайтадан сәнге айналуы тиіс.
Astana+ түйіні: Кітап ресми түрде трендке қайта оралуда, оған үлкен әкімшілік және қоғамдық қолдау көрсетіліп жатыр. Брақ «он адамның біреуі ғана» деген статистиканы өзгерту оңай болмайды. Ұлттың зияткерлік капиталы әлеуметтік желілердің шексіз таспасында емес, кітап сөрелерінде қаланатынын ұмытпаған жөн.