Новости | Регионы | KZ

Елімізде11 электр станциясы жаңғыртылады

2026-04-06 08:38
Қазақстанда ұлттық жоба аясында жұмыс істеп тұрған 11 электр станциясын жаңғырту және кеңейту жоспарланып отыр. Билік осы жобалар арқылы елдің энергия жүйесіне шамамен 2,5 ГВт қосымша қуат қосуды көздейді.
Жобаға Ақсу, Екібастұз, Қарағанды, Өскемен, Топар, Шахтинск, Балқаш, Жезқазған, Теміртау және Степногорск қалалары мен елді мекендеріндегі ЖЭО мен ГРЭС нысандары енген.
Ең ірі жобалар Павлодар облысында жүзеге асады. Ақсуда ГРЭС-тің №7 энергоблогы жаңғыртылса, Екібастұзда ГРЭС-2-де жаңа энергоблоктар салынады. Сонымен қатар Қарағанды өңіріндегі бірнеше станция, Өскемендегі екі бірдей жылу электр орталығы, сондай-ақ Теміртау, Балқаш, Жезқазған және Степногорскідегі нысандар қамтылған.

Жобаның мақсаты — ескі станциялардың тозуын азайтып, энергия жүйесінің тұрақтылығын күшейту.