2026 жылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 5,3 трлн теңге көлемінде инвестиция салуды жоспарлап отыр. Қор бұл қаражат ел экономикасындағы ЖІӨ өсімін қолдайды деп күтеді. Жоспарлар Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен директорлар кеңесінің отырысында жарияланды. Осылайша, квазимемлекеттік сектор экономикадағы инвестициялық өсімнің негізгі көзіне айналып отыр.
Өсімі айқын:
2024 жылы Қор шамамен 2 трлн теңге инвестициялады,
2025 жылы – 2,7 трлн теңге,
ал 2026 жылы – 5,3 трлн теңге.
2024 жылы Қор шамамен 2 трлн теңге инвестициялады,
2025 жылы – 2,7 трлн теңге,
ал 2026 жылы – 5,3 трлн теңге.
Екі жыл ішінде капиталдық салымдар көлемі іс жүзінде екі есеге ұлғаймақ. Көрсеткіштер үміттендіреді. Алайда арифметика күрделірек.
2025 жылы Қордың таза пайдасы 2,1 трлн теңгені, кірісі 19,1 трлн теңгені құрады.
Ал 2026 жылы инвестиция көлемі – 5,3 трлн теңге.
Қарапайым тілмен айтқанда, жұмсалатын қаражат табыстан екі еседен астам көп.
Ресми түрде бұл қаражат жалпы құны 52 трлн теңге болатын, 120 жобадан тұратын инвестициялық портфель шеңберінде бағытталады. Басымдықтар қатарында Алматы қаласындағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3-ті жаңғырту және дамыту, Түркістандағы бу-газ қондырғысын іске қосу, Каспий теңізінің түбіндегі Транскаспий талшықты-оптикалық желісін салу, сондай-ақ теміржол және контейнерлік инфрақұрылымды кеңейту бар. Барлық жобалар базалық инфрақұрылымға жатады және ұзақ мерзімді өтелімділікке ие.
«Базалық инфрақұрылымды салу жөніндегі жобалар ерекше бақылауды талап етеді. Барлық нысандар белгіленген мерзімде тапсырылуы тиіс», – деді Олжас Бектенов, ірі жобаларды күнделікті тікелей бақылауда ұстауды тапсырды.
Мемлекеттік басқару тәжірибесінде мұндай формулировка әдетте тек экономикалық емес, саяси маңызы бар жобаларға қатысты қолданылады.
Сонымен қатар операциялық динамика қалыпты деңгейде қалып отыр: мұнай өндіру 3%-ға, жүк айналымы 5%-ға, газ тасымалдау 9%-ға өскен. Негізгі көрсеткіштер бойынша күрт серпін байқалмайды. Демек, жоспарланған инвестициялық қарқын – қалыптасқан өсімнің көрінісі емес, өсімді жасанды түрде қалыптастыру талпынысы.

Бағдарлама шикізат нарықтарындағы құбылмалылық пен өңірдегі транзиттік ағындар үшін бәсекенің күшеюі жағдайында іске асырылуда. Мұндай жағдайда мемлекет инфрақұрылымдық циклді ішкі негізгі драйвер ретінде таңдауда.
Өсім – мемлекеттік тапсырыс арқылы
Сонымен қатар Қор ел ішіндегі ең ірі тапсырыс беруші ретіндегі рөлін күшейтуде. 2025 жылы Қор компаниялары отандық өндірушілермен шамамен 9 мың шарт жасасып, олардың жалпы сомасы 2,2 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге жуық көп. Осылайша, «Самұрық-Қазына» ішкі сұранысты қалыптастыратын негізгі институт мәртебесін бекітіп отыр.
Негізгі сұрақ – қаржыландыру құрылымы.

Таза пайда 2,1 трлн теңге, ал инвестиция 5,3 трлн теңге болған жағдайда балансқа түсетін жүктеме сөзсіз артады – не қарыз қаражаты есебінен, не топ ішіндегі ресурстарды қайта бөлу арқылы. Бұл теңгерімнің қалай қалыптасатыны борыштық тұрақтылыққа және түптеп келгенде компаниялардың тарифтік саясатына тікелей әсер етеді.
Қазіргі конфигурацияда «Самұрық-Қазына» экономикадағы инвестициялық өсімнің басты көзіне айналып отыр. Бірақ бұл – қоса жүретін борыштық жүктеме мен орындау тәуекелдерімен бірге келетін модель.