Қазақстан импорттық ауыл шаруашылығы өнімдерін отандық өндіріс есебінен алмастыруды көздеп отыр. Елде жалпы құны 2,3 трлн. теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеу бойынша 200-ден астам жоба іске қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында “Бәйтерек” холдингі басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин мәлімдеді.
Мәселе шикізатта емес- дайын өнімде. Ет комбинаттары, сүт зауыттары, тері мен жүнді қайта өңдеу цехтары. Барлығы – 208 жоба іріктелген. Мақсаты қарапайым: шетелден аз сатып алу, ел ішінде көп өндіру. Бірақ қаржыландыру тетігі де өзгеруде.
Мемлекет металлургия, химия және агроөнеркәсіп кешенінде импортты алмастыра алатын 15–20 ірі индустриялық зауытқа басымдық береді.
Ал құны 7 млрд. теңгеге дейінгі шағын жобалар екінші деңгейдегі банктер арқылы мемлекеттік кепілдікпен қаржыландырылады.
Биліктің есебінше, осылайша қаржы кәсіпорындарға тезірек жетеді.
Ал құны 7 млрд. теңгеге дейінгі шағын жобалар екінші деңгейдегі банктер арқылы мемлекеттік кепілдікпен қаржыландырылады.
Биліктің есебінше, осылайша қаржы кәсіпорындарға тезірек жетеді.
Индустриялық блок
Бір мезгілде металлургия саласында 3,9 трлн. теңгеге 23 жоба бойынша жұмыстар жалғасуда.
Қазіргі уақытта жалпы құны 3,4 трлн. теңгені құрайтын 449 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылған.
Қазақстан Даму банкі шикізаттық емес экспортты қолдауға 2 трлн. теңге бағыттайды.
Ал Аграрлық несие корпорациясы мен ҚазАгроҚаржы тамақ өнеркәсібі жобаларын 1 трлн. теңгеге қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

«Басты бағыт – жоғары құнды дайын өнім шығаруға көшу және импортты алмастыру», – деді Рустам Қарағойшин.
Қазіргі таңда Қазақстан көптеген позициялар бойынша – өңделген өнімдерден бастап өнеркәсіптік химияға дейін – әлі де импортқа тәуелді. Енді негізгі басым бағыт – отандық кәсіпорындарға.
Басты сұрақ өзгермейді: бұл зауыттар нарыққа қаншалықты жылдам шығып, баға жағынан бәсекеге қабілетті бола ала ма?
Басты сұрақ өзгермейді: бұл зауыттар нарыққа қаншалықты жылдам шығып, баға жағынан бәсекеге қабілетті бола ала ма?