Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын 103 суару каналын автоматтандыру жұмыстары басталды. Бұл арналары 65 мың гектар егістік жерді сумен қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар бұған дейін реконструкциядан өткен, жалпы ұзындығы 1184 шақырымды құрайтын 270 канал да автоматтандырылып жатыр. Бұдан бөлек, автоматтандыру элементтері мен заманауи су есептеу жүйелерін енгізуді қамтитын 264 ирригациялық каналды реконструкциялау жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, қазір ведомство су ресурстарын басқарудың кешенді әрі көпдеңгейлі цифрлық жүйесін қалыптастырып жатыр. Бұл тәсіл су саласын тек техникалық жағынан жаңғыртуға емес, сонымен бірге суды дәл есептеуге, оның қозғалысын бақылауға және тиімді бөлуге мүмкіндік береді.

«Министрлік цифрлық құралдарды енгізу арқылы су ресурстарын басқарудың кешенді әрі көпдеңгейлі жүйесін қалыптастырып жатыр. Мұндай тәсіл экономиканың түрлі салаларының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, елдің су қауіпсіздігін нығайтуға және өмірлік маңызы бар осы ресурсты болашақ ұрпақ үшін сақтауға мүмкіндік береді», — деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Бүгінде министрлік әзірлеген Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі 22 мың су нысанын қамтып отыр. Оның ішінде 17 мыңнан астам өзен, 4 мыңға жуық көл және гидротехникалық нысандардың 60 пайызы бар. Жыл соңына дейін 6 мыңнан астам каналды цифрландыру және гидротехникалық нысандарды қамту деңгейін 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар елдің бірыңғай су балансы қалыптастырылады. Бұл су шаруашылығы учаскелері бөлінісінде нақты су ағынын, су қоймаларындағы жинақ көлемін және су тұтыну деңгейін салыстыруға мүмкіндік береді. Яғни мемлекет суды тек есеп құжаттарынан емес, нақты цифрлық бақылау арқылы көргісі келеді.
Гидротехникалық құрылыстар мен су нысандарының қауіпсіздігіне де ерекше назар аударылып отыр. Сондай-ақ жүйеге ғарыштық мониторинг пен гидробекеттердің деректері интеграцияланып жатыр. Бұл су ресурстарын басқарудағы дәлдікті арттырып, тәуекелдерді ертерек анықтауға жол ашады.
Жалпы алғанда, бұл бастама Қазақстанның су шаруашылығын ескі тәсілден заманауи цифрлық басқару үлгісіне көшіруге бағытталған. Су тапшылығы барған сайын өткір мәселе болып тұрған кезеңде мұндай шешімдер ауыл шаруашылығының тұрақтылығы мен елдің су қауіпсіздігі үшін маңызды құралға айналмақ.