Новости | Деньги | KZ
Қазақстанда азық-түлік импортына тәуелділікті азайту үшін 200-ден астам жоба іске қосылады
      <description>Елде жалпы құны 2,3 трлн. теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеу бойынша 200-ден астам жоба іске қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында “Бәйтерек” холдингі басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин мәлімдеді.</description>
Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі жылына 40 млн. тоннаға дейін өседі. Қайта өңдеу қуаты екі есе ұлғаяды
      <description>Елімізде бензин мен дизель отынының көлемі артады. 2033 жылға қарай мұнай өңдеу қуаты қазіргі 18,4 млн. тоннадан жылына 40 млн. тоннаға дейін ұлғаяды. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрлігі хабарлады.</description>