Новости | Регионы | KZ
Қарағанды облысында 15%-дан жоғары үстемеақы үшін айыппұл салынуда
      <description>Жыл басынан бері 15 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың қатарында көтерме жеткізушілер, супермаркеттер және шағын дүкендер бар.</description>
Елімізде11 электр станциясы жаңғыртылады
      <description>Жобаға Ақсу, Екібастұз, Қарағанды, Өскемен, Топар, Шахтинск, Балқаш, Жезқазған, Теміртау және Степногорск қалалары мен елді мекендеріндегі ЖЭО мен ГРЭС нысандары енген.</description>
Елімізде11 электр станциясы жаңғыртылады
Оңтүстікте 103 суару каналы автоматтандырылады
      <description>Мұндай тәсіл экономиканың түрлі салаларының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, елдің су қауіпсіздігін нығайтуға және өмірлік маңызы бар осы ресурсты болашақ ұрпақ үшін сақтауға мүмкіндік береді</description>